Түркістан
EN

Ауыз сумен қамту бойынша 35 жоба жүзеге асады

77
16.07.2024

Биыл Түркістан облысын ауыз сумен қамтуға арналған 61  жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ол үшін  14,1 млрд теңге қаржы бөлінген.  60-тан аса жобаның 53-і ауылды жерлерде жүзеге асады. 35 жоба жыл соңына дейін аяқталмақ. Қолға алынып жатқан іс облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде кезекті рет талқыланды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды тұрғындарды ауыз сумен қамту ең бірінші кезекте екенін айтып, жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.