Елімізде халықты газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін бірқатар ірі стратегиялық инфрақұрылым жобалары жүзеге асырылуда. Бүгін Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев осы жұмыстардың жүру барысын баяндады. Сала басшысының айтуынша, былтыр Қазақстан халқының 60%-ы немесе шамамен 12 млн. адам газға қол жеткізген.