Халықаралық іздеуде жүрген әйел Жамбыл облысында ұсталды. Ол өз елімізден бөлек, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан аумағында зергерлік дүкендерден алтын бұйымдар ұрлаған. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдағы уақытта ұрлық бабы бойынша мемлекетаралық іздеу салған Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысының ІІБ қызметкерлеріне беріледі.