Соңғы 6 айдың ішінде жергілікті соттарда 1074 қылмыстық іс қаралған. Оның 966-сына үкім шығарылған. Бұл өткен жылдың жарты жылдық есебінен 2,1 пайызға көп. Сондай-ақ, 20549 әкімшілік құқықбұзушылық ісі қаралған. Өткен жылмен салыстырғанда 41 пайызға көбейіпті. Медиациялық көмекке жүгіну нәтижесінде 17 қылмыстық іс тоқтатылған.