Түркістан
EN

Венгриямен бірлескен жем зауыты салынбақ

222
15.07.2024

 Түркістанға Мажарстаннан делегация келді. Оларды облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қабылдап, келіссөз жүргізді. Аймақ басшысы әріптестік орнатуға, жобаларға қолдау көрсетуге дайын әрі жаңа жұмыс орындарын көбейтуге мүдделі екенін жеткізді. Ал мажар инвесторлары өңірде заманауи үлгідегі құрама жем зауытын салуды жоспарлап отыр. Бұл – ауыл шаруашылығының дамуына тың серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді. Айта кетейік, 1996 жылы құрылған «UBM Group» компаниялар желісі – Мажарстандағы жетекші жем өндіруші. Жылына 450 мың тонна өнім шығарады. 4 құрама жем зауыты бар. Астық, майлы дақылдар саудасының айналымы – жылына 1,5 млн тонна. Ал өнімдерін 15 елге экспорттайды.