Түркістан
EN

Мас күйінде көлік айдаған әйел апатқа себеп болды

200
22.11.2021

Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген 31 жастағы әйел жол апатына себепші болды. «Daewoo Nexia» маркалы көлік тізгініндегі жүргізуші қатты жылдамдықпен қарсы бағытқа шығып кетіп, қатар келе жатқан екі көлікке соқтығысқан. Оқиға көшедегі бейнекамераларға түсіп қалыпты.

Апаттан кейін әйел адам тізгіндеген көліктің бірден отқа оранғаны көрінеді.  Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, «Daewoo Nexia» жүргізушісі мен жолаушысы және  «LADA» тізгініндегі тұрғын жарақат алды. Апатқа кінәлі әйелдің жағдайы ауыр