Түркістан
EN

Елімізде интернет алаяқтары көбейген

136
15.07.2024

Жыл басынан бері елде интернет алаяқтықтың 10 мыңға жуық дерегі тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,1%-ға көп. Бас прокуратураның құқықтық статистика комитетінің мәліметінше, көбіне халық онлайн сауда жасау кезінде сан соғып қалады. Алаяқтықтың кең тараған тағы бір түрі бұл – фишинг. Яғни, банк карталары мен өзге де деректерге алаяқтардың қол жеткізуі. Жыл басынан бері бұндай қылмыстың 2,5 мыңнан астамы іркелген. Ал, алаяқтықтың негізгі дерегі Астана мен Алматы қалаларында көп кездесетын көрінеді.