Облыс делегациясының аспан асты еліне жұмыс сапары аясында 20-дан астам меморандумға қол қойылды. Маңызды келіссөздер жүргізіліп, іскер топт өкілдерімен говернмент ту бизнес форматта маңызды кездесулер өтті. Онда құрылыс, ауыл шаруашылығы, өндіріс, жиһаз өнеркәсібі және басқа да салалар бойынша екіжақты ынтымақтастық жайы талқыланды. Кездесудің негізгі мақсаты – Түркістан өңірінде өндірісті дамытуға жеке инвестициялар тартуға, отандық өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласын сапалы және заманауи техникамен қамтамасыз етуге және отандық өндірісті дамыту саласында сындарлы өзара іс-әрекетті жолға қоюға ықпал ету.