Түркістан
EN

Атырауда қарақұрт қаптады

454
12.07.2024

Атыраулықтар қарақұрт қаптап кетті  деп дабыл қағуда. Өткен айда қарақұрт шаққан 16 адам ауруханаға түскен. Дәрігердің көмегіне жүгінгендердің 6-ы жан сақтау бөлімінде жатыр. Оның үшеуі бала.  Қазіргі таңда науқастардың жағдайы тұрақты. Емделгендері қарақұртқа қарсы екпе алды. Әсіресе Индер, Құрманғазы аудандарында жағдай ушығып барады. Осыған орай дәрігерлер улы жәндіктен барынша сақтанып жүруге  кеңес береді.