Түркістандық жастар бір күнін ауылда өткізді. Облыстың белсенді буыны Қазығұрт ауданы Жігерген ауылында басқосып, нағыз ауыл тіршілігіне тап болды. Жігіттер жағы ләңгі теуіп, садақ атып, күрессе, қыз-келіншектер ошаққа нан пісіріп, қолдан құрт жасады. Қала берді, Жігерген өзенінің маңын күл-қоқыстан тазартып, экоакцияға да үлес қосты. Осылайша, жастар ауылдың таза ауасымен тыныстап, бір күндерін пайдалы әрі қызықты өткізді.