Түркістан
EN

Ұшақпен қатынайтындар көбейген

250
12.07.2024

Елімізде теміржол не қаражолмен қатынайтындардан гөрі ұшаққа отыратындар көбейген. Жауаптылыр жыл басынан бері шамамен 5,5 миллионнан астам жолаушы тасымалдаған. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 17 пайызға өскен. Бүгінде аптасына 6 әуекомпаниясы  640 рейс жасап, 53 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша туризмді дамыту үшін елдің 9 өңірінде 19 ішкі әуе бағыты субсидияланады. Ал халықаралық әуе қатынасы аптасына 107 бағыт бойынша 29 елге ұшады. Оның ішінде, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Египет, Катар, Қытай, Малайзия, БАӘ, Таиланд және басқа елдер бар.