Білім саласынан артылған қаржы түгел «Жайлы мектеп» жобасына жұмсалады. Түркістан облыстында биыл құрылысуы аяқталуы тиіс 29 жайлы мектеп бар. Білім беру саласынан үнемделген 6,9 млряд теңгенің 1 млрды аталған мектептерді инфрақұрылыммен қамтамасыз етпек. Ал жалпы медициналық мекемелердің материалдық базасын нығайтуға 809 млн теңге жұмсалмақ. Дәлірек айтқанда, олардың жылу қазандықтары жөнделеді және де Шымкент қаласына ауыр халдегі науқастарды тасуға арнайы көлік сатып алынады. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы 135 жедел-жәрдем көлігінің қызмет сапасының арттыруға 90 млн теңге қарастырылуда. Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Қанат Әбдіразақұлы мәлімдеді. Бүгін Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияның отырысында барлық саланың бюджеті сараланды.