Түркістан
EN

Жас балуан жүлдемен оралды

155
11.07.2024

Түркістандық жас балуан "Азия балалары" ойындарынан жүлдемен оралды. Ресей Федерациясының Якутск қаласында өткен дүбірлі жарыста түркістандық балуан Құдірет Ерімбетов 38 келі салмақта бақ сынап, күміс медальды жеңіп алды. Чемпиондар мектебінің спортшысы Тәжікстан, Беларусь, Ресей, Әзербайжан елдерінің балуандарын жеңіп, финалдық белдесуде ғана қарсыласына есе жіберген. Бүгін оны туған елі зор мақтанышпен күтіп алды. Түркістан темір жол вокзалындағы күтіп алу іс-шарасына қала әкімінің орынбасары мен қалалық мәслихат депутаты да келді. Түркістанның мақтанышы Құдірет Базарбекұлы 10 жасынан бастап грек-рим күресімен кәсіби түрде айналысады. Ол облыс орталығындағы №18 мектеп-гимназиясының 9-сыныбында оқиды.