Атырауда жекеменшік балабақшада қайғылы жағдай орын алды. Оқыс оқиға таңертең шамамен 11-лер шамасында қаладағы "Чебурашка" деп аталатын балабақшада болған. Бүлдіршін аулаға серуенге шығып, абайсызда кәріз құдығына құлап кетіп, мерт болған. Былтыр ғана ашылған балабақшада 3 пен 6 жас аралығындағы 67 бала тәрбиеленуде. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.