Түркістан
EN

Адасқан қойшы мен баласы екі күннен кейін табылды

182
22.11.2021

Екі күн бұрын жапан далада жоғалып кеткен қойшы мен оның баласы аман-есен табылды. Оқиға Қызылорда облысы Жалағаш ауданында болған. Олар атпен 80 шақырым қашықтағы Аққыр ауылына азық-түлік алуға барған екен.

Алайда қайтар кезде қар жауып, бұрқасын желде қойшы жолдан адасып кеткен. Екі күн далада түнеп, әбден әлсіреген малшыларды құтқарушылар елдімекеннен 45 шақырым жерден тауып алды. Оларға алғашқы көмек көрсетіліп, үйлеріне оралды. Қазір екеуінің де жағдайы жақсы