Түркістан
EN

Аппарат басшысы қабылдау өткізді

176
11.07.2024

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов өзі жетекшілік ететін салалар бойынша тұрғындарды жеке қабылдады. Ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Мәселен, бір азаматша паралимпиада ойындарының жеңімпазына қолдау көрсетіп, тұрғын үймен қамтуға ықпал жасауды сұрады. Өтініш иесіне мемлекеттік тұрғын үй беру заңдылықтары түсіндіріліп, баспана үлестіру бойынша демеушілер қарастырылатындығы айтылды. Түркістан қаласының келесі бір тұрғыны «ArtSport» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан қаржыландыру мәселесін ортаға салды. Түркістан облысы бойынша «ArtSport» жобасымен 16 мың баланы қаржыландыруға жеткілікті қаражат бөлінген. Қазіргі таңда жаңа 350 өнім берушіден 872 өтініш түскен. Кәсіпкерге ақпараттық жүйеге түскен өтінімі  белгіленген талаптарға сай келмеуіне байланысты қайтарылғандығы түсіндірілді.