Түркістан
EN

Кенді шаһар көшелерін кім ластап жатыр?

134
10.07.2024

Қоршаған ортаның тазалығын қорғайтын "Нысананың" қырағы көзіне бұл жолы Кентау қаласы ілікті. Күн тастөбеден шақырайғанда тіршілік атаулыны қуырып жібере жаздайтын шіліңгір шілдеде санитарлық-гигиена мәселесін қатаң сақтамаса болмайды. Өйткені ашып-сасыған тағам қалдықтары мен қауын-қарбыз қабығы бей-берекет жатса, одан жан-жануар, қала берді адамға түрлі инфекция тарауы бек мүмкін. Сондықтан тілшіміз Шынар Әділханқызы кенді шаһардың көшелерін аралап, тазалығын бақылап көрді.