Еліміз бойынша автогаз қымбаттады

99
09.07.2024 20:12

Газдың жыры бітер емес. Сұйық отын кезегінде тұрған көліктер азайғанмен, тапшылық әлі сол күйі. Себебі жанар-жағармай литріне шектеу қойылған. Жеңіл көлік 2000 теңгеге дейін, ал жүк көліктері тек 3000 теңгеге дейін ғана сұйылтылған газ құйдыра алады. Ол аз десеңіз, 1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған газ бағасы өсті. Алайда көлік жүргізушілері бағаның өскеніне емес, кезек күткендері мен жанар-жағармай тапшылығына наразы.