Түркістан
EN

Жанар-жағармай бағасы толық реттеле ме?

193
19.11.2021

Үкімет жанар-жағармай бағасын толық реттей алмайды. Дәл осылай деп Энергетика министрі кесіп айтты. Мырзағалиевтің сөзінше, бензин құны Брент маркалы мұнайға тәуелді емес. Сондай-ақ мердігерлер де өз бағасын бекітуге құқылы.

Бірақ жауапты ведомство отын тапшылығын болдырмау үшін бірқатар шара қабылдап жатыр екен. Айта кетсек, биыл елде дизель отынының тапшылығы орнап, оны көрші елдерден импорттауға тура келді. Салдарынан баға өсіп, отын тек талонмен ғана сатылғаны белгілі.