Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Президентке Ұлттық құраманың ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берді Сондай-ақ лицензиялық турнирлердің қорытындысы жөнінде баяндама жасады. Министрдің айтуынша төрт жылдықтың басты додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген. Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.