Түркістан облысы Сауран ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жаппай сенбілік өтті. 500-ге жуық адам қатысқан шарада 14 тонна қоқыс шығарылды. Тазалықты жанына серік еткен саурандықтар апта сайын тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосуда.