Түркістан облысының Қарнақ ауылы тұрғындарын инфрақұрылым мәселесі алаңдатады. 16 мың тұрғыны бар шалғайдағы ауылда жол, жарық, аурухана жайы өзекті. Бүгін жергілікті тұрғындармен тілдесуге түгел облыс басқарма басшыларының орынбасарлары мен мемлекеттік қызметкерлердің өздері келді. Ал бұл мүмкіндікті Аманат партиясының Түркістан облыстық филиалы ұсынған.