Туа сала домбыралы болды. Бүгін Түркістан облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келген әр сәбиге осындай сыйлық жасады. Ұлттық домбыра күніне орай, атқарылған игі шарада басымдық алғаш ана атанған келіншектерге берілді. Ерекше сыйды облыстық аналар кеңесі тарту етті. Онда тек домбыра ғана емес, сәби жөргегі мен ойыншығы да бар. Бұл игі іс жыл сайын дәстүрлі түрде ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылады. Осыған дейін, балабақша балаларын қуантса, бұл жолы жаңа туған аналарға үлестірілді. Басты мақсат - бала бойына ұлттық мәденеит пен бірегейлікті сіңдіру. Сондай ақ, дәстүрлі өнерге деген құрметті арттыру.