Түркістан қаласы «Руханият» саябағында дін өкілдері және қала тұрғындары сенбілік жұмыстарын жүргізді. "Таза Қазақстан" акциясы аясында өткен сенбілікке Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов пен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ұйытқы болды. Көше тазалау, сыпыру және абаттандыру жұмыстарына 100-ден астам адам жұмылдырылды.