Түркістан
EN

Ойын клубына шабуыл жасаған қарақшылар тұтқындалды

151
19.11.2021

Ойын клубына қарақшылық шабуыл жасалды. Қаруланған ер адамдар миллион теңгеден аса қаражатты жымқырған. Алматы облысы Жаркент қаласында болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда белгісіз адамдар қорқыту мақсатында жоғарыға бір рет оқ атқаны көрінеді. Сүйтіп кассадан қомақты қаражатты алып, ізін суытқан.

Бірақ күдіктілер көп ұзамай қолға түсті. Жергілікті полиция қызметкерлері үш ер адамды ұстады. Барлығы Жаркент қаласының тұрғындары. 20 жастағы күдіктіден ұрланған ақшаның жартысы мен тапанша тәркіленген. Олар қалған ақшаны ойын-сауыққа жұмсағанын жеткізіп, қылмыс жасағандарын мойындады. Қазір күдіктілер қамауға алынған.