Түркістан облысында құрылысы қарқынды жүріп жатқан нысандар көп. Солардың бірқатары - биыл құрылғанына 3 жыл толған Сауран ауданының орталығында. Бүгін облысқа арнайы сапармен келген Ұлттық экономика вице-министрі Шорнақтағы бірқатар құрылыс алаңында болды. Мердігерлермен кездесіп, мәселелерін талқылады. Сонымен қатар аудан тұрғындарымен ашық аспан астында жүздесіп, ұсыныстарын тыңдады. Толығырақ келесі сюжетте.