Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Парламент Мәжілісінің депутаттары – Темір Қырықбаев пен Нұрсұлтан Байтілесовті қабылдады. Осы өңірден сайланған халық қалаулылары Түркістан облысының барлық аудан, қалаларын аралап, халықпен кездескен болатын. Өңір басшысымен әңгіме барысында аймақты дамыту бағытындағы жұмыстар баяндалды. Жергілікті бюджет пен кіріс көлемін ұлғайту мәселесі де назардан тыс қалмады. Сонымен бірге ағын су саласындағы түйткілдер талқыланды. Ал депутаттар қалалар мен елді мекендерді аралау барысындағы халық тарапынан айтылған мәселелерді айтты. Сонымен қатар кездесуде Түркістан қаласының ерекше мәртебесін айшықтайтын Заң жобасы жайы да сөз болды.