Түркістан
EN

Порт арқылы 1 млн тоннадан астам жүк тасымалданған

288
05.07.2024

Маңғыстауда Құрық порты арқылы жыл басынан бері 1 миллион тоннадан астам жүк өткен. Оның 700 мың тоннасы теміржол арқылы жеткізілсе, қалғаны қара жолмен тасымалданған. Жалпы биыл 2 миллион 300 мың тонна жүк өткізу көзделген. Соған сәйкес, қазір қосымша айлақтар мен астық терминалы салынып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл жобалар Құрық портында ірі теңіз көліктік-логистикалық кластерін құруға мүмкіндік бермек.  «Жаңа Жібек жолы» жобасы аясында порттың құрылғанына 10 жыл болған. Содан бері жүк өткізу қуаты жылдан жылға ұлғайып келеді. Қытайдан келетін транзит жүк порт арқылы Каспий теңізіне шығып, одан әрі Әзербайжан, Грузия, Түркия және Еуропаға жөнелтілуде.