Елімізде шілде айының бірінші жексенбісі - домбыра күні. Бұл ұлттық аспапқа «жаным қазақ» деген әр баланың қызығушылығы мол. Қазірдің өзінде Түркістандағы оқушылар сарайында 50-ге жуық шәкірт дәл осы домбыра үйірмесіне барады екен. Жазғы демалысын тиімді өткізіп жүрген балалармен тілшіміз тілдесіп қайтты.