Түркістан
EN

Астанада ШЫҰ саммиті барысында 25 құжатқа қол қойылды

173
04.07.2024

 Астанада бүкіл әлем көз тіккен Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті. Жиында ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты арттыра түсуге бағытталған 25 негізгі құжатқа қол қойылды. Олардың қатарында терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл бағдарламасы мен заңсыз есірткі мен психотропты заттардың айналымына тосқауыл қою бағытындағы келісімдер бар. Сонымен қатар, жиында Беларусь Республикасы аталған ұйымға толыққанды мүше болып қабылданды. Ал ұйымның келесі бас хатшысы болып, Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев тағайындалды. Бас қаладағы аптаның басты саяси оқиғасы туралы толғырақ келесі бейнематериалда.