Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентаудағы Жылу энерго орталығына барып, құрылыс барысын қадағалады. Мердігерлердің есептерін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді. Қазір қазандықтарда жылу-механикалық бөлік бойынша №8, №11 қазандықтарда жұмыс 95 пайызға аяқталған. Облыс әкімі жауапты мердігерге қалған қазандықтар бойынша жұмысты ширату, кестеге сай жүргізу жөнінде тапсырма берді. Олқылықтарды ашық айтып, түзетуді тапсырды. Жылу мәселесі аса өзекті екеніне тоқталып, жұмысты жауапкершілікпен атқаруды міндеттеді. Сондай-ақ тапсырыс беруші тарапынан бақылау мақсатында штаб ұйымдастырылады.