Шортандыдағы жарылыстан зардап шеккен екі бала ауыр халде жатыр. Оқыс оқиғадан зардап шеккен ересектер де жансақтау бөлімінде. Олардың да халі мүшкіл дейді дәрігерлер. Баспанасыз қалған отбасылар қазір туыстарының үйлерінде.
Жергілікті әкімдік өкілдері оларға уақытша тұруға екі пәтер дайын екендігін жеткізді. Қазір жарылыс салдарын жоюға арнайы штаб құрылып, жұмыс істеуде. Еске салайық, кеше Ақмола облысы Шортанды ауданындағы тұрғын үйде газ балоны жарылып, үш адам мерт болды. 10 адам жарақат алып ауруханаға түсті