3 жылдан бері жыр болған Оранғайдағы оңалту орталығы ел игілігіне берілуге дайын емес. Бүгін Парламент мәжілісінің бір топ депутаты нысанның жұмысын көруге келді. Бірақ пайдалануға беруге әзір деген орталықтың су айналым жүйесі дұрыс емес екені белгілі болды. Тіпті жарықтың жағдай да мәз емес болып шықты. Мұны өз көзімен көрген халық қалаулылары құрылысына бас аяғы 2 жарым млрд бөлінген қаржының қайда кеткенін сұрап, жауаптыларды бір сілкіп алды.