Түркістан
EN

Елордада ШЫҰ саммиті басталды

110
04.07.2024

Бүгін Елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды. Айтулы шараға 16 елдің президенті мен премьер-министрлерінен бөлек, БҰҰ Бас хатшысы да қатысып жатыр. Ұйымға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысы барысында бірқатар маңызды шешімдер қабылданады. Жер шары халқының тең жартысын қамтып отырған ұйымға бүгінгі таңда Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдері мүше. Бүгін осы елдердің қатарын Беларусь республикасы толықтырып, ұйымның тең құқылы мүшесі атанды. Жалпы  ұйымға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында Астана декларациясы, 20 шешім қабылданып, мемлекет басшыларының 3 мәлімдесемі жасалынады. Сондай-ақ, мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік проблемаларды қабылдауға ықпал ететін көптеген мәселелерді қарастырады.