Түркістан
EN

ҚР Президенті Владимир Путинмен кездесті

160
04.07.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы Шанхай ытымақтастық ұйымының саммитіне қатысуға келгені үшін Владимир Путинге ризашылығын білдірді. Сондай-ақ стратегиялық серіктестік пен одақтастыққа негізделген Қазақстан-Ресей қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Владимир Путин Шанхай ытымақтастық ұйымының саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстан осы маңызды іс-шараның дайындығына айтарлықтай күш салғанын жеткізді. Кездесуде президенттер өнеркәсіптік кооперацияны, энергетика саласындағы өзара тиімді серіктестікті дамыту және өңіраралық байланыстарды жандандыру перспективаларын жан-жақты талқылады.