Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Астанаға келді. Елорда әуежайында түрік басшысын Премьер-Министр Олжас Бектенов қарсы алды. Режеп Тайып Ердоған 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады. Сондай-ақ, Түркия президенті Астанада Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізді. Қос елдің басшылары Түркияның Синоп қаласында тағы бір атом электр стансасы жобасын іске асыру мүмкіндігін талқылады. Ердоғанның айтуынша, Түркия мен Ресей арасындағы сауда айналымы көлемін 100 млрд долларға жеткізу көзделген. Сөз соңында түрік көшбасшысы Владимир Путинді таяу арада Түркияға сапарлап келуге шақырды.