Түркістан
EN

Тұрғындардың мәселесі тыңдалды

154
03.07.2024

Түркістанда балабақша қызметкерлері бір жыл бойы жалақысыз жұмыс істеген. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың қабылдауында айтылды. Мұңын айтып келген, үш қызметкердің мәселесін жауаптылар шешіп беруге уәде етті. Өйткені шағымданушы Фарида Өміралиеваға кәсіпкер жалақыдан бөлек 5 млн теңгеден аса қаржы қарыз екен. Шағымданушылардың айтуынша жеке меншік балабақша иесі еңбек ақысын бермегенімен қоймай биылғы жылдың наурыз айынан бастап жұмыстан шығарып жіберіпті. Осылайша экс бастықтарына әлі жетпеген тұрғындар Түркістан облысы әкімдігінің көмегіне жүгінді.