Түркістан
EN

Жамбыл облысында дауылдан 17 жастағы бала көз жұмды

122
19.11.2021

Жамбыл облысында дүлей дауыл кезінде Жалпақтөбе ауылында 17 жастағы жігіт көз жұмды. Жойқын жел басталған кезде ол жер үйдің төбесінде жүрген. Құйын ұшырып, жерге құлаған бала жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.

Жалпы, кешегі шаңды дауылдан соң 53 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың төртеуі Тараз қалалық ауруханасына жатқызылып, басқалары үйлеріне жіберілген. Облыстық балалар ауруханасына да 4 бала түскен. Оның үшеуі ем алып жатыр. Сондай-ақ, Жамбыл облысында жел салдарынан бірнеше елді мекенің газ құбырларына зақым келген.