Түркістан
EN

«Түркістан» кемесі теңіз тыныштығын күзетеді

183
03.07.2024

 Маңғыстау облысында шекара тәртібін бұзған ер адам әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл – жыл басынан бері теңіз шекарашылары анықтаған жетінші дерек. Каспий үстіндегі шегелеп бекітіп берген шекараны қарулы құрылым озық үлгідегі кемелермен жүріп күзетеді. Экипаж тіпті түнгі мезгілде де алыстағыны көре алатын арнайы құрылғымен жабдықталған. Яғни, бейсауат жүрген заңбұзушылар бірден анықталады. Жалпы, Маңғыстаудағы шекарашылар жайында осы және өзге ақпарды әріптесім Дінмұхаммед Амантай айтсын.