Жыл басынан бері 158 млрд теңге қаржылық құқық бұзушылық анықталды

54
03.07.2024 16:20

Түркістан облысында жыл басынан бері 158 млрд теңге қаржылық құқық бұзушылық анықталды. Оның 67 млрд теңгесі тиімсіз пайдаланылған. Қазір жалпы сомманың 147 млрд теңгесі бюджетке өтелген. Бұл туралы облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Ғалымжан Тапеев мәлімдеді. Төрағаның айтуынша, олқылықтардың басым көпшілігі өңірдегі құрылыс, білім, денсаулық, ауылшаруашылық саласында кездеседі.