Түркістанда бес жұлдызды қонақ үй кешені мен аквапарк салынбақ

58
03.07.2024 16:19

Түркістанда бес жұлдызды қонақ үй кешені мен аквапарк салынбақ. Сондай-ақ, облыс аумағында мақта талшығын қайта өңдейтін және жіп иіру зауыты мен мата фабрикасы да бой көтермек. Бұл уағдаластықтарға Елордада өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық ұйымы саммиті аясындағы Қазақстан-Қытай іскерлік кездесуінде қол жеткізілді. Келіссөздердің жалпы құны 1 млрд 615 млн долларды құрайды. Бұл қаражаттың нақты қандай бағытқа жұмсалатынын толығырақ әріптесісм Ақдариға Мұхаддас айтып берсін!