Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті басталады

91
03.07.2024 16:13

Бүгін Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің ұшағы қазақ жеріне қонды. Оны әуежайда Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды. Бұл жиын бұрынғыдан өзгерек. Себебі, Астана саммиті «Шанхай бестігін» «ондыққа» көтергелі отыр. Биыл кездесулер форматында да бірқатар өзгеріс бар. Алғаш рет ұйымға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы және «ШЫҰ +» форматындағы кездесулер болады. 16 мемлекет басшысы мен 7 халықаралық ұйым қатысатын мәртебелі жиынның жүгі ауыр. Кездесудің ресми бағдарламасы 4 шілде күні таңғы сағат онға жоспарланған. Қазақстанның іргелі ұйымға төрағалығы 2023 жылғы шілдеде басталды және осы саммитте аяқталады. Осы уақыт аралығында мемлекет басшысы ұйымға төрағалық ету мәртебелі міндетін  жақсы атқардық деп баға берді.