Ресей президенті Владимир Путин Астанаға келді

21
03.07.2024 16:12

Алпауыт елдердің басшылары Астанаға ат басын тіреп жатыр. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин бүгін таңертең келді. Оны әуежайда Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды. Владимир Путин елордада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.