Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алды

24
03.07.2024 16:10

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алды. Мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындап, мейман мен президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүріп өтті. Осыдан кейін екі Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Төрағасы Си Цзиньпин шағын құрамда келіссөз жүргізді.