Қырғыздың шырдағы сәнге айналды. Айыр қалпақты ағайын Нарын қаласында шырдақ фестивалі өткізді. Шырдақ дегеніміз-киізден жасалған дәстүрлі қырғыз кілемі. Оның ою-өрнегі жарқын мозаикаға ұқсас, суреттерінде жануарларды, киіз үйлерді, көлдер мен тауларды бейнелейді.