Түркістан
EN

ШЫҰ саммиті қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр

138
02.07.2024

Еліміздің 4 қаласында террористік қауіптің «сары» деңгейі енгізіледі. Шанхай ынтамақтастық ұйымының саммиті қарсаңында осындай шара қабылданбақ. Яғни, Астана мен Алматы қалаларында, Ақмола мен Қарағанды облыстарында саммитке қатысушылар жүретін жолдарға шектеулер қойылады. 2-5 шілде аралығында кейбір аумақтарда жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалыстарына шектеу енгізіледі. Кинология қызметі мамандарын тарта отырып, қоғамдық орындарда күзет күшейеді.