Түркістан
EN

Тегін 10 сотық жер алу: Қанша адам кезекте тұр?

177
02.07.2024

Биыл Түркістан облысы бойынша 1650 азамат мемлекеттен тегін 10 соттық жер телімін алады. Бұл жайлы облыстық жер қатынастары басқармасының мамандары мәлімдеді. Ең көп жер беріліп жатқан аумақ -  Түлкібас ауданында 616, Келесте 470, Жетісайда 200 учаске берілмек. Ал ең көп өтініш берген Түркістан қаласының тұрғындары, олардың саны 75 мыңнан асып жығылады. Жер саласы мамандарының айтуынша, инфрақұрылымы жүргізілген аумақтар бірден үлестіріледі. Ал тегін жер телімін алуға кез-келген қазақстандықтың мүмкіндігі бар. Ол үшін егов порталына жүгінесіз. Бірақ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жер жоқтығына байланысты, өтініш қабылданбайды. Ал жалпы, еліміз бойыша бүгінде 4 млнға жуық азамат тегін жерден үмітті екен.