Түркістан
EN

Актер Нұрлан Қоянбаев жаңа қызметке тағайындалды

341
02.07.2024

Белгілі продюсер Нұрлан Қоянбаев енді Түркістан облысында креативті индустрияны дамытуға үлес қоспақ. Шоумен бұл қызметі үшін ақы да алмайды. Себебі облыс әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Нұрлан Қоянбаев өңір басшысының креативті индустрияны дамыту бағыты бойынша “штаттан тыс” кеңесшісі болып тағайындалды. Бұған дейін ол ҚР Президенті телерадиокешенінің креативті директоры, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бас продюсері қызметін атқарған. Оған қоса Республикалық телеарналарда басқа да танымал жобаларды ұйымдастыруға атсалысты.