Түркістан облысында қоршаған ортаны ластағандарға 171 млн теңге айыппұл салынған. Қазір өңірлерде арнайы мобильдік топ құрылып, тұрақты рейдтік шаралар ұйымдастырылып жатыр. Себебі «Таза Қазақстан» акциясы аясында барлық аудан-қаланың аумағы абаттандырылып, күл-қоқыстан тазаланды. Акция басталғалы өңірде тазалық сақтамаған 12 мыңға жуық адамға қатысты хаттама толтырылып, ескерту жасалды.