Түркістан
EN

Тауда жоғалып кеткен 2 жасөспірімді іздеу жұмыстары қалай жүрді?

120
01.07.2024

Өткен аптада Түркістан облысында іс-түссіз жоғалған жасөспірімдер 3 күн өткен соң таудан дін-аман табылған болатын. Іздестіру-құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметкерлері мен полицейлер, дрон мен тікұшақ жұмылдырылды. Ауыл тұрғындары да тау-тасты шарлап, жаппай іздестірген. Жүйелі жұмыстың арқасында жоғалған жасөспірімдер табылып, ата-анасымен қауышты. Екеуі тауда адасып, 30-35 шақырымдай жүріп кеткен екен. Бүгінгі таңда балалардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Алайда құтқарушылар мұндай операциялардың көп жағдайда сәтті аяқтала бермейтінін айтады.